ЗАҢСЫЗ ҚАРУ-ЖАРАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 2017 жылғы 10 сәуірден бастап ел аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Осыған сәйкес барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі комиссия құрылды. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды. Оларға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.
Былтырғы акция аясында азаматтардан барлығы 344 қару өтемді түрде қабылданды, олардың 312 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 32 иір ойықты аңшы қару, 235 дана оқ-дәрі. Облыс көлемінде қару өткізгендерге барлығы 15000000 теңге төленген.