ҚАЗАҚЫ ДӘСТҮРГЕ БЕРІК ОТБАСЫ

Қазақтың атадан жеткен салтына қазіргі күні Сыр елінде туып өскен өзге этнос өкілдері де беріктік танытуда.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында түрік этностары көп шоғырланған мекеннің бірі – III Интернационал ауылындағы Дямуршаевтар шаңырағында тұсаукесер рәсімі болып өтті. Салтанат әжейдің кенже немересі Онурдың тұсауын, «Қаз-қаз, балам, қаз, балам, қадам бассаң мәз болам, тағы-тағы баса ғой, тақымыңды жаз, балам, қаз баса ғой, қарағым, құтты болсын, қадамың!» –деп, ауылдың ақ жаулықты анасы кесті. Шашу шашылып, түрік отбасында өткен тойға сан ұлттың өкілі тұратын ауыл адамдары қатысып, қазақы дәстүрді берік ұстанған әулеттің қуанышын бөлісті.

