УАҚ МАЛДЫ ҚАРҒЫН СУДАН ҚҰТҚАРДЫ
Өткен жексенбіде Жосалы кентінен 24 шақырым қашықтықтағы Абыла елдімекеніндегі жайлымды су басып, соның салдарынан 28 бас уақ мал өліп, бес жүзге жуық қой-ешкі тілсіз жаудың қыспағында қалып қойды.
Осы оқиға жайлы хабар жетісімен құтқарушылар жайылымдағы малдарды қауіпсіз жерге көшіру шараларына кірісті. Елдімекенге МИ-171 тікұшағымен жеткен 5 құтқарушы жергілікті төтенше жағдайлар, ОӨАЖҚЖ ММ, «РАЖҚЖ» ММ саласы мен АІІБ қызметкерлері қатарына қосылып, жүйелі іс-қимыл көрсетті. Осының арқасында 402 бас уақ мал қауіпсіз аймаққа жеткізілді.
Құтқару жұмыстарына 173 адам мен 22 техника атсалысты.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы