ТWITTER-ГЕ ЖАЗЫЛУ АҚЫЛЫ БОЛМАҚ
Twitter танымал қолданушыларға, сондай-ақ брендтер мен БАҚ-тарға ақылы жазылу енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы Gazeta.ru The Verge-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ақылы жазылым әлеуметтік желінің қызметін арттырады. Бұл сервис Tweetdeck-пен бірнеше аккаунтпен және көптеген басқа функциялармен бір уақытта жұмыс жасауға мүмкіндік беретін қосымшамен байланысты болмақ.
Компанияның баспасөз қызметі де қазір итерфейсті таңдау үшін зерттеулер жүргізіліп жатқандығын растаған. Әзірге Twitter бұл қызметті іске қосқан жоқ, деп хабарлайды компанияның дереккөзі. Басылым хабарлағандай, ақылы жазылу Twitter-дің басты қаржы көзі болмақ.