САЛАУАТТЫ ҚҰТҚАРУШЫ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында қалалық мешіт имамы А.Әбжанов, облыстық наркологиялық орталығы дәрігер-наркологі Г.Жакебаева және психологі Э.Нұрпейісова, облыстық психоневрологиялық аурухана дәрігері Ж.Ақтаева және психиатр суицидологі М.Шауымбасов қатысуыларымен «Салауатты құтқарушы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Өрт сөндіру қызметінің бастығы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Ә.Баякеев іс-шараны ашу кезінде, қызметкерлер арасында ішімдік ішуді асыра пайдалану салдарынан қызметінен босайтынын ерекше жағдайларды атап кетті.
Бұдан әрі дәрігер-нарколог Г.Жакебаева баяндама жасады. Өз баяндамасында зертханада ағзадағы есірткі заттарды анықтау қалай дамығаның айтып берді. Г.Жакебаева наркологиялық тәуелді науқастарға жасырын психотерапия туралы қысқаша ақпарат берді.
Іс-шара барысында кадр жұмысы бөлімінің психологі азаматтық қорғау капитаны А.Тілеуқабылова слайдтардың сүйемелдеуімен баяндап, онда елдегі азаматтық қорғау қызметкерлері арасында суицид жағдайларын көрсетілген. Қорытынды сөзінде ол суицидтік әрекеттерді әкеп соқтыратын негізгі себептерін назарына алды.
Бұдан әрі облыстық психоневрологиялық аурухана дәрігері Ж.Ақтаева және психиатр М.Шауымбасов адам депрессияға түскен кезіндегі негізгі белгілері туралы әңгімелеп берді. Психоневрологиялық аурухана дәрігерлері «Өзіңді және өмірді жақсы көру» деген жақсы кеңес берді.
Сондай-ақ, олар кеңес алу үшін психологқа жүгінуге және жиі тренингтерге қатысуға қорықпау керек екенін атап өтті.
Өз кезегінде имам А.Әбжанов өз-өзіне қол салу ислам тұрғысынан күнәкар болып табылады және ешбір жағдайда мұны істеуге болмайтынын қатысушыларға түсіндірді.
Қорытындылай келе өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері дәрігерлерге сұрақ қойды. Іс-шара аяғында психолог Э.Нұрпейісова өткізген «Мен және салауатты өмір салты» атты тренинг болды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі