ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ
Күн мен түн теңелетін Наурыз табиғат пен адамның үндестігін көрсететін мереке. Келісім мен бірлікті бекіте түсер мейрам. Осы орайда әз-Наурыз мерекесі қарсаңында ЗК-169/5 мекемесінде жаза мерзімін өтеуші сотталған азаматтар арасында бірқатар мерекелік іс-шаралар аталып өтілді.
Мерекелік шараның көркін Қызылорда облыстық филармония әртістері қыздыра түссе, «Арылу» қоғамдық ұйымы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандары спорттық шаралардың ойдағыдай өтуіне ұйытқы болды.
Сонымен қатар шарада «Ашық есік күні» өткізіліп, жазасын өтеушілердің ата-аналары шақыртылды. Олар да мерекенің мәнді өтуіне атсалысып, бауырсақ пісіру, наурыз көже дайындау сайысына қатысты. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың балалары мерекеге орай жыр шумақтарын арнады. Сотталған азаматтар да қазақша күрес, футбол, волейбол, гір тасын көтеру, арқан тартыс, асық ату жарыстарынан сынға түсті. Ата-аналар ұйымдастырушы мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бөліміне өз ризишылықтарымен алғыстарын білдірді.
Әлі де мекеме ішінде тәрбие жұмыстарына сай тәрбиелік шаралар өз жалғасын таба бермек.