МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ
Облыс аумағында өтетін мерекелік іс-шаралар бағдарламасына енген «18 наурыз - жаңару көркейту – көгалдандыру» атты атаулы күнге орай бүгін қалалық ішкі саясат бөлімі, "Жастар ресурстық орталығы" КММ қалалық мәдени және демалыс паркінде "Таза қала - таза аула" атты жастар акциясын өткізді.
Акцияға ерікті жастар мен оқу орындарының студенттері қатысты. Жастарды еңбекке баулуды көздеген шарада қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ. Жанұзақов қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады. Акция шеңберіндегі жұмыстар арқасында қалалық мәдени және демалыс паркінен 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.