ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ӘУЕДЕН БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ
Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері Қармақшы, Қазалы аудандары аумағында дария жағдайына әуеден бақылау жасады. Бүгін Қызылорда-Қазалы-Қызылорда бағыты бойынша ұшқан «МИ-171» тікұшағы бортында ТЖД мамандары, облыстық әкімдік өкілдері болды. Су тасқыны жағдайына бақылау жүргізуге Қызылорда облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов пен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов басшылық жасады.
Өңірге келген ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағы құтқарушыларының Қармақшы, Қазалы аудандарында су тасқыны жағдайының алдын алу жұмыстарын бастап кетті. Олармен бірге құтқару топтары қатарында «ОӨАЖҚЖ» ММ және Төтенше жағдайлар департаменті мамандары да бар.
Топтың негізгі жұмыс бағыты су тасқынының алдын алу және жүйелі мониторинг жасау, тасқын болуы мүмкін аймақтарды барлау болды. Қазіргі күні мұз Қызылорда су торабынан 245 шақырым төменде. Сырдария өзен арнасының жағдайы бірқалыпты, елді-мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.