БЕЙЖІҢДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛАЛАР НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Бүгін ҚХР-дағы ҚР Елшілігінде Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.
Әз-Наурызға арналған шарада Қыдыр атаның батасы, шашу дәстүрінен соң, қонақтарға мерекелік концерт көрсетілді. Қыздар «Наурыз» биін биледі, Мүслима Дайын «Туған жердей жер болмас» әнін шырқады, Рамазан Сәрсен «Балбырауын» күйін тартып, Әсем Қабазиева «Туған жерім» әнін айтты. Концерт қатысушылары естелік дипломдармен марапатталды.
Елшілік ғимаратының ауласына киіз үй тігіліп, балаларға қазақтың ұлттық тағамдары берілді. Тағамдарды Қытайдағы ҚР ұлттық компания өкілдерінің, дипломаттардың жұбайлары әзірледі.
«Біз балаларға арнап Наурыз мейрамын ұйымдастырдық. Қазақстаннан жырақта жүрсе де, өз мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпасын деп, Наурыздың - Жаңа жылымыз екенін біліп жүрсін деген ниетпен жасадық», - деді Бейжіңдегі қазақстандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гауһар Шәмшиева.