«СУДЬЯ ӘДЕБІ КОДЕКСІ» ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының қызметкерлері арасында «Cудья әдебі кодексінің» нормаларын түсіндіру мақсатында жедел кеңес өткізілді, соттың баспасөз қызметі.
Кеңес төрағасы Қ.Бержанов Кодекс ережелерін үнемі бақылауда ұстау, жұмыс тәртібін сақтау, заңға бағыну, сот процесіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұруға, сот отырысын жүргізудің жоғарғы мәдениетін қамтамасыз етуге қатысты пікірін білдірді. Сот ғимаратына азаматтардың кіріп-шығу мәселесі және Қазақстан Республикасы судьяларының VII сьезінде 2016 жылғы 21 қарашада қабылданған судья әдебінің кодексі судьялар арасында қызу талқыланып, БАҚ-пен бірлесе жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар 2016 жылы және 2017 жылдың осы кезеңіне дейін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының қызметкерлерінің атына арыз, шағым түспегендігін айтты.
Шара соңында сот қызметкерлері төрағалық етуші Қ.Бержановқа өз сұрақтарын қойып, оған толық жауап алды.