ҚҰМКӨЛДЕГІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
Құмкөл Ұлыстың Ұлы күнін қарсы алды. Кеніш басындағы жұмысшыларға наурыз-көже, бауырсақ, талқан-тары секілді ұлттық тағамдар ұсынылды. «Қара алтын» өндіріп, ел қазынасының молаюына үлес қосып жүрген мамандар бұл күні спорттық сайыстарда бағын сынап, естелік сыйлықтарға ие болды.
"Жігіт сұлтаны" байқауында қамтамасыз ету қызметінің қызметкері Сыздықов Данабек бас жүлдені ұтып алды. Мерекелік кеште дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева ән шырқап, "Орда" би тобы, "Сыр самалы" вокалды-инстументальды ансамблі өнер көрсетті. Компания өкілдері Айжан Толыбекова мен Исаxан Жәңгіров «Я, ты, он, она» әнін нақышына келтіре орындап, қонақ кәдесін жасады.