БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ МЕРЕКЕСІ
Ұлыстың Ұлы күніне орай Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандар залында «Салт дәстүр – ұрпақ қазынасы» атты тақырыбында түрлі этнос өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар жөніндегі Жалағаш аудандық сарапшысы Г.Мәлік, жастар парламентінің депутаты Ж.Өксікбаева, түрлі этнос өкілдері және кітапхана ұжымы қатысты. Кездесу барысында Г.Иванченко, С.Чулаев, Л.Пак, М.Цойлар бірлігі мен достығы жарасқан мекеннің бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқанын айтып, өз лебіздерін білдіріп, Наурыз мерекесімен жиылған қауымды құттықтады.
Кездесуде М.Шәріп флейтамен «Наурыз тартуы» музыкалық шығармасын орындаса,№31 мектеп-гимназиясының оқушылары шешен ұлтының биін билеп, А.Ғабит «Наурыз-думан» атты әнін шырқады. Шара соңында ардагер М.Жүсіпбек Наурыз бата берді.