ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында облыс прокуроры Халидулла Дəуешов кәсіпкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Бизнес өкілдері белсене қатысқан бұл қабылдауда прокурормен 15 кәсіпкер кездесті.
Жалған кәсіпкерлік мәселесі біздің облысымызда әлі де өзекті болып отыр. Жеке қабылдауда бірнеше кәсіпкер қазір осы мәселенің құрбаны болып отырғандығын айтып, уәкілетті органдардың қабылдап отырған шараларына наразылықтарын білдірді.
«Мега LTD» ЖШС директорының орынбасары Иосиф Ким жалған кәсіпкермен жұмыс жасаған контрагент ретінде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жауап беріп жатқандықтарын жеткізді. Кәсіпкер: «Біз жұмыс жасаған кәсіпкерлік нысанына қатысты «жалған кәсіпкер» ретінде тану туралы сот шешімі шықпаса да, контрагент ретінде салықтарды төлеу жөнінде ескертпе хаттар келіп жатыр. Мұнан өзге аталмыш орган тарапынан шақыртып, тергеу шарасы ұзаққа созылып кетті. Соңғы айдың өзінде 5 рет шақырды», - дейді.
«Орион» ЖШС директоры Шалқар Жаңабергенов те осы мәселе бойынша қиындық көріп жүргендердің бірі. Ол өзіне соңғы 5 жылдан бері «жалған кәсіпкермен» жұмыс жасағаны үші қомақты салықты төлеуді жүктелгенін айтады.
– Біз осы жылдар аралығында салығымызды уақытылы, үзбей төлеп келдік. Жұмыс жасаған кәсіпкердің «жалған кәсіпкер» екенін қалай анықтаймыз? Олардың құжаттарын терең зерттей алмаймыз. Арамыздағы келісім-шарт негізінде жұмыстар атқарылды. Егер ол субъекті таза жұмыс жасамаған болса 5 жылдан бері неге анықтамаған. Неге қазір ғана анықталып отыр? Біз қазір жұмыс жасай алмай отырмыз. Есепшоттарымыздың барлығын жауып тастаған, - дейді.
Мұнан өзге, қаладағы жер телімі, мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты да шағымданған азаматтар болды. Облыс прокуроры Халидулла Зинуллаұлы кәсіпкерлердің мәселесін мұқият тыңдап, әр факті бойынша жан-жақты зерттеп, тиісті шара қабылдайтындығын айтты.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі