«НАУРЫЗ МЕРЕЙІ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы әкімдігінің Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық әділет органдары 16-17 наурыз күндері «Наурыз мерейі» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Алдымен отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылы тұрғындарына спорттық киімдер табысталып, тәттілер таратылды. Қаладағы №2 облыстық балаларды оңалту орталығында жалғасын тапқан акцияда мүмкіндігі шектелген балалардың дамуын жетілдіруге арналған «Монтессори» әдісімен емдейтін құралдар табысталып.
Сондай-ақ, тұрмысы төмен, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы 3 отбасына азық-түлік таратылды. Жеті балалы Мадияровтар отбасы, жалғыз өзі 5 бала тәрбиелеп отырған А.Мұханова, 4 баланың анасы А.Досмағамбетова қайырымды жандарға алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын білдірді.