ЖИРЕН ЖАМАН ӘДЕТТЕН!
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-де «Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлықтың қауіптері мен зардаптары!» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Құтқарушылар арасында жаман әдеттен аулақ өмір салтын кеңінен насихаттауға арналған дөңгелек үстелге жасақтың жеке құрамы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Индира Болатбекова мен психолог Ғазиза Дүйсенова, медициналық-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психологы Жанар Бегманова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында мамандар жеке құрам мүшелерімен еркін пікір алмасып, тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес бойынша бейнебаяндар көрсетілді.
Дөңгелек үстел барысында мамандар жеке құрам мүшелерімен еркін пікір алмасып, тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес бойынша бейнебаяндар көрсетілді.