СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмысын Қызылорда облыстық медицина орталығының қызметкерлерімен кездесуден бастады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимовтың төрағалығымен өткен жиында мобильді құрамындағы «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов баяндама жасады.
Сонымен қатар, кездесу барысында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова денсаулық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлде төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында құрылған мобильді топ аймақтағы еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Топтың құрамында 15 адам бар.