БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ТЫҢ БАСТАМАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Қызылордалық нұротандықтар өңірдегі білім саласына қатысты бағдарламалардың орындалу барысын пысықтады.
Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында кеңінен талқыланды.
Облыстық партия филиалында өткен мәжіліске «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының басшылығы, облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық білім басқармасы, облыстық білім саласындағы бақылау департаменті өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Тілеуберген Шаутай: «Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауда партия тарапынан елеулі қадамдар жасалып келеді. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді жүзеге асыруда қатаң тәртіп пен бақылауды әлі де күшейту қажет», – деді.
Күн тәртібіне сәйкес хабарлама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов: «Білім беру деңгейлерінің бірінші сатысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыратын балабақшадан басталады. Ол нақты кезеңде облыс бойынша 52 899 баланы қамтып отырған 791 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Олардың 542-сі балабақша болса, 249-сы – шағын орталықтар. 1-6 жастағы балаларды қамту – 54,3 пайыз, ал, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы - 100 пайызды құрайды. Сондай-ақ, үш ауысымдық мектептердің мәселесі де толық шешілді», – деді.
Хабарламадан белгілі болғандай, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жоғары сыныптарда жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту мәселесі өңірде облыс басшысының «Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдары» АҚ және КАТЕV халықаралық қорымен жасалған меморандумы аясындағы пилоттық жобамен жүзеге асырылуда.
Бағдат Бердәулетовтің сөзіне сүйнсек, бұл тәжірибе өткен жылы алғаш рет Назарбаев Зияткерлік мектептері мен қазақ-түрік лицейлерінің тәжірибесі негізінде инновациялық 46 мектеп-лицейдің лицей сыныптарына енгізілген.
Білім саласына қатысты бағдарламалардың өңірімізде жүзеге асуын бақылау жасап отырған облыстық білім саласындағы бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Роза Жиенбаева кейбір кемшіліктерге тоқталды.
-Өткен жылы облыс бойынша 97 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оның 34-і аттестаттаудан өтпеген. Осындай тексерулер ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 21 білім беру ұйымдарында жалғасып, 1 білім беру ұйымының қызметінің жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес еместігі анықталды», – дейді ол.
Жиынды қорытындылай келе партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Тілеуберген Шаутай жиылғандарды Елбасы Жолдауындағы білім саласына қатысты айтылған міндеттерді іскерлікпен шешілуіне лайықты үлес қосуға шақырды.