ҚЫЗЫЛОРДАДА АДЕНАУЭР ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ДАҒДАРЫСТЫ КОММУНИКАЦИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
15 - 16 наурыз күндері Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі директоры Томас Хельм мемлекеттік мекемелердің баспасөз хатшыларына дағдарыстық коммуникация бойынша семинар өткізді. Бұдан бөлек, Хельм облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, аймақтың көрікті жерлерін аралады.
Екі күн бойы Томас Хельм қоғаммен байланыс саласы мамандары мен өзге де қызығушы тұлғаларға «Саяси коммуникацияның жаңа заманғы әдістері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың алғашқы күні ол Қазақстан, Германия, АҚШ және өзге де елдердің белгілі саясаткерлері мен компанияларын мысалға ала отырып, дұрыс коммуникацияның маңыздылығы мен мақсатты аудиториямен қарым-қатынастың негізгі принциптерін жеткізді, семинарға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Мемлекеттік мекемелердің мамандары дағдарысты коммуникацияның саясаттағы ерекшеліктерін, оның пайда болу және шешілу жолдарын, төтенше жағдай кезіндегі стратегиялық тәсілдерді, сондай-ақ дағдарыс жағдайында коммуникативтік ықпал ету механизмдерін үйренді.
- Коммуникациялық біліктің жетіспеушілігі қолайсыз жағдайларға әкелуі, оның ішінде саясаткердің мансабын түгелдей жоюға әкелуі мүмкін,- деді Томас Хельм.
Оқудың екінші күні практикалық жұмыстарға, нақтырақ айтқанда байланыс саласындағы нақты кейстерді талдауға арналды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, өз саласындағы ықтималды тәуекелдер қандай, оларды шешу үшін шаралар қабылдау, төтенше жағдай кезінде қандай іс-әрекет жасау қажеттігін үйренді.
Қатысушылардың айтуынша семинар еркін форматта өткізіліп, қызметке пайдалы тың және қызықты ақпараттарға қанықты.