ҚЫЗЫЛОРДАДА «SARAPTIME» КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Достық үйінде «SarapTime» сарапшылар клубының биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбына арналған отырысқа облыс әкімінің кеңесшісі Артур Нығметов пен «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» МУ жетекші ғылыми қызметкері Мереке Ғабдуалиев қатысты.
Отырыстың модераторы Артур Нығметов 2005 жылы құрылған «SarapTime» сарапшылар клубының саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени бағытта мәселелерді талқыға салатынын айтып өтті. Осыған дейін Астана қаласы аумағында ғана жұмыс істеп келген сарапшылар клубы биылдан бастап өңірлерге шыға бастады.
Осыдан кейін «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» МУ жетекші ғылыми қызметкері Мереке Ғабдуалиев еліміздің саяси алаңындағы басты тақырып – Конституциялық реформа туралы ой-пікірін білдірді.
Осыған дейінгі мықты президенттік билік жүйесі өзін-өзі ақтады. Осының арқасында ТМД кеңістігіндегі кейбір елдерді шарпыған қақтығыстар лебі бізге жете қойған жоқ. Есесіне Қазақстанның әлем алдындағы беделі жыл санап көтерілді, елдің жаңа орталығын салдық. Бірақ заман күннен-күнге өзгеріп келеді, Елбасы бастамашы болған билік реформасы осы жаңғырған әлем талаптарына лайық болмақтың қадамы.
– Әлеуметтік-экономикалық үдерістегі біршама өкілеттілікті Үкімет пен Парламентке беру олардың жұмысын қоғамның талап-тілегіне, елдің бет алған ба-ғыт-бағдарына сай нәтижелі ете түсу үшін жасалып отыр. Бұл әсіресе, партиялардың сайлаушылар алдындағы саяси жауапкершілігін арттыра түседі,–деді Мереке Тілекұлы.
Сонымен қатар, реформадан кейін саяси партиялардың да бәсекелестігі арта түсуі керек. Ендігі жерде олар заң шығарушы органға өздерінің ең беделді өкілін жіберуге күш салады.
Жуырда Елбасы «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осыған байланысты енді бірқатар заңға өзгерістер енгізіледі. Осы мәселе жайлы сараптай айтқан спикер «Прокуратура туралы заң» жобасы жасалатынын жеткізді. Сот жүйесі де жаңа заңмен жұмыс жасауы мүмкін. Жергілікті өзін-өзі басқару талаптары да жаңа конституциялық кезеңге лайықталады. Осыған дейін ауыл әкімдері жанама түрде яғни, аудан әкімінің ұсынысына орай аудандық мәслихат депутаттарының дауыс беруімен сайланса, енді оларды тікелей сайлау жүйесі енгізіледі.
Отырыс соңында спикерге бірқатар сауалдар қойылып, қатысушылар еркін пікір алмасты.