ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН САҚТАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері арасында есірткі заттарын пайдалану және сақтау фактілерін болдырмау мен алдын алу мақсатында 16 наурызда департаменттің өзіндік қауіпсіздік тобы кадр жұмысы бөлімімен бірлесіп, рейдтік алдын алу іс-шарасын өткізді. Оған Қызылорда облысы ІІД басшылығының келісімімен есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының кинологиялық орталығының қызметкерлері қатыстырылды.
«Лорд» атты қызметтік-іздестіру иті есірткі іздерін анықтау мақсатында қатарда тұрған әр қызметкерді иіскеп, мамандардың бөлмелері мен жатын орындарын, қызметтік және жеке автокөліктерін тексерді.
Тексеру барысында жеке құрам мүшелерінің есірткі заттарын сақтау фактісі анықталған жоқ.
Тексеру барысында жеке құрам мүшелерінің есірткі заттарын сақтау фактісі анықталған жоқ.