ҚЫЗЫЛОРДА ӘУЕЖАЙЫ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ БАРЛЫҚ ТҮРІН ҚАБЫЛДАЙ АЛАДЫ
Қызылорда облысының елді-мекендері көлік қатынасымен жоғары деңгейде қамтылған. Облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршруттың жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып отыр. Ол үшін облыстық бюджет есебінен жыл сайын 17,6 млн. теңгеге қаржыландырылып келеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жаңабаев БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
Қызылорда қаласының әуежайы әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алады. Демек, жолаушылар және жүк ағынын дамытудың барлық негізі жасалған. Бүгінде Қорқыт ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 30 рейс орындалуда.
- Елбасы Жолдауында үлкен қалалардың іргелес орналасқан елді мекендермен көлік байланысын дамыту айтылған. Осы орайда облыс аумағында 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71, аудандық (кентішілік) - 109, қалаішілік және қаламаңы - 31 маршрут жұмыс жасап келеді, - дейді Ерлан Жаңабаев.