ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ЖАСАҚТАЛЫП ЖАТЫР
Қызылордада «Жастар кадрлық резервін даярлау» жобасы жүзеге асырылып жатыр http://24.kz/ru/.
Ағымдағы жылдың 1 наурызында басталған жоба аясында мемлекеттік қызметке тұруға ынталы 50-ге жуық жас маман құжат тапсырып та үлгерді. Жасы 30-ға толмаған, жоғары білімді әр үміткер үшін 8 кезеңдік іріктеудің нәтижесіне қарай облыстық деректер базасы дайындалады. Кәсіби дағдысы мен біліктілігін дәлелдей алғандарын мамандығы бойынша жұмыспен қамтуды мемлекеттік қызмет істері департаменті үйлестіреді. Жас мамандар негізінен ветеринария, медицина және ауыл шаруашылығы салаларына бағытталады.
Рамазан Әбдіраманов, жас маман:
- Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ді жерді мелиорациялау және баптау, қорғау мамандығы бойынша тәмамдадым. Ауыл шаруашылығы саласын дамытып, халқыма, еліме үлесімді қоссам деген өзімнің мақсатым бар.
Абзал Мұхимов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы:
- Жастардың кадрлық резерві жобасы «Нұр Отан» партиясы, біздің департаментпен, облыс әкімі қолдауымен өткізіліп жатқан жоба. Бұл жоба бұған дейін де бірнеше мәрте жүзеге асырылған. Бірақ соңғы 4-5 жыл көлемінде ұмыт қалды. Елбасымыз айтты ғой, цифрлы Қазақстан жаңа технологияларды ендіре алатындай, кез-келген ақпараттық технологияны меңгеріп кетуге жол ашатын жоба деп ойлаймын.