РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ КӨМЕККЕ КЕЛДІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көктемгі кезеңдегі су тасқыны ахуалының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен төтенше жағдайлардың ықтимал туындауынан келетін нұқсанды азайту мақсатында Қызылорда қаласы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің базасына келді.
Бүгін Қызылорда қаласынан Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарай жолға шықты.
«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» мобильдік тобы құрамында 9 құтқарушы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобымен бірлесіп Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізуде.