МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҮРГЕН БАСШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ
ҚР Президенті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия 36 адамды қызметі жағынан төмендету туралы кеңес берді. Олардың ішінде жалған құжаттармен жүрген мемлекеттік қызметкерлер де бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметтің "Б" корпусына кіретін басшыларды аттестациядан өткізудің нәтижесін жариялады.
Оның барысында мемлекеттік қызметтте жалған құжаттармен жүрген басшылар туралы джа айтылды.
«Мәселен, Астана қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы мемлекеттік қызметке тестен өткені туралы жалған құжаттың негізінде түсті. Ал Маңғыстау облыстық индустриалдық-инновациялық саясат басқармасының жетекшісі мемлекеттік қызметке ресми құжаттың негізінде түссе, артынан екінші жоғары білімі туралы дипломның жалған нұсқасын тапсырған. Аттестация кезінде біз әрбір мемқызметкердің жеке құжаттарын тыңғылықты зерделеп шықтық. Міне, сол жұмыстың нәтижесінде осындай фактілер анықталды", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова бүгінгі баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, қызметі жағынан төмендетуге кеңес берілген мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі ҚР Инвестициялар және даму министрлі құрылымдарында жұмыс істейді.