ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛУДЕ
Биыл Қызылорда қаласындағы 14 көшені орташа жөндеу жоспарланып, оған 298 миллион теңге қаралып отыр. Ал ағымдағы жөндеуден өтетін 50 көшеге 298 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы kzvesti.kz хабарлайды.
Облыс орталығындағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы үлкен жобалардың бірі – Қорқыт ата көшесін күрделі жөндеу жұмыстары. Бұл үшін облыстық бюджеттен 1 миллиард 426 миллион теңге қаралған.
Қазыбек би көшесінен Жезқазған күре жолына дейін созылып жатқан көшенің ұзындығы— 5,8 шақырым, ені — 14 метр. Жүретін бөлігі төртжолақты болатын көшенің екі жанынан 11 шақырым аяқжол түседі. 22 автобус аялдамасы орнатылып, арық жүйесі тартылады.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген 86 миллион теңгеге қала іргесіндегі Ақсуат ауылында да алты көшеге орташа жөндеу жасалады. Тасбөгет кентінде күрделі жөндеу жасалатын 2 көшеге 95 миллион теңге бөлінген.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ақсуат, Қызылжарма,Талсуат ауылдарындағы төрт көше орташа жөндеуден өтеді.