МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ӘДЕПТІЛІК ЖАРАСАДЫ
Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру және мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі талаптарына сай болу тақырыбына арналған мәжіліс өтті.
Жиынды басқарма басшысы Б.Дүйсенов ашып, басқарманың 2016 жылдың қорытындысн жария етті. Қоғамның өзекті тақырыбына айналған сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шараларына, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысында және жұмыстан тыс уақыттарда Әдеп кодексі талаптарын сақтауына қатаң көңіл бөлу керектігіне айрықша тоқталды.
Салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет көрсетуші тұлғаларға қызмет көрсету барысында дөрекілік, өзімшілдік танытпауға, мемлекеттік қызметшінің атына кір келтіретін теріс қылық жасамауға, жұмыс барысында еңбек тәртібін қатаң сақтауға қатысты келелі ой айтылды.
Басқарма басшысы күнделікті ондаған, жүздеген тұтынушымен тікелей байланыста болатын мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін заң талаптарына сәйкес орындап, тәртіп пен мәдениеттілікті сақтау керектігін қатаң тапсырды.