ҰЛТТЫҚ БАНК БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІНІҢ БІРІГУІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев екі банкті біріктіру ниеті туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Ұлттық банк басшысы банк секторын шоғырландыру үдерісі туралы жиі айтылғанын атап өтті.
Банк акционерлері қаржы институттары институттарды капиталдандыру бойынша алдағы міндеттемелер тұрғысынан олардың бизнесінің табыстылығын қамтамасыз етуге қаншалықты қабілетті екенін бағалауы тиіс. Елдегі экономикалық белсенділік баяулаған жағдайда, көптеген қаржы институттары үшін шоғырландыру үрдісі шешімдердің бірі болып табылады, сонда бір институттың күшті жақтарын біріктіру есебінен басқа институттың әлсіз жақтары жойылып, сау теңгерімді қаржы институты қалыптасуы мүмкін.
– Банктер бірігу ниеті туралы меморандумға қол қойғанда, нарықта басқа банктер туралы әңгімелер жүріп жатқанын білемін. Бұл үдеріс жалғаса береді, бұл үдеріс бизнестің экономикалық бағалауына негізделеді. Біз реттеуші ретінде елде тұрақты қаржылық жүйе қалыптасуына мүдделіміз. Банк акционерлері Ұлттық банк басшылығымен кездесті. Қай үлгі бойынша алға жылжитынын көрсетті. Олар қай жаққа жылжу қажеттігін түсінеді деп ойлаймын. Бұл үрдіс жалғаса береді, - деді Ұлттық банк басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Tengri Bank» АҚ «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-мен бірігу ниеттері туралы меморандумға қол қойған. Сондай-ақ Ұлттық банк Қазкоммерцбанк акцияларының бақылау пакетін сатып алу ниеті туралы айтты. Бұдан басқа Цеснабанк «Банк ЦентрКредит» банкімен қосылу мүмкіндігі талқыланып жатқаны белгілі.