ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында «Құқықтық мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онда отансүйгіштікті насихаттау, Ата Заңға, Қазақстан республикасының заңдары мен рәміздеріне құрметті қалыптастыру, ТЖД қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыру мәселесі сөз болды.
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалымен бірлесе өткізілген дөңгелек үстелде құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы шаралар жайлы айтылды.
Дөңгелек үстел кезінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Ата Заңға құрметті қалыптастыру», «Азаматтықты және қазақстандық отаншылдықты насихаттау, Қазақстан республикасының заңдары мен рәміздеріне құрметті қалыптастыру» тақырыптарында баяндама оқылды. Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Е.Үсенбаев, заң тобының бас маманы С.Әбсадықов, мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Г.Мизанбаева өз баяндамаларында құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы жөнінде атап өтті.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы