МЕЙІРМАННЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫ САЙЫСТЫ
Қазақ сатирасына көшін өрге сүйреген өнер тарланының есімін ұлықтау, әзіл-сықақ отауларының жұмысын дамыту мақсатында Қазалы аудандық мәдениет орталығында «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары!» атты әзіл-сықақ отауларының аудандық іріктеу туры өткізілді.
Қазалы қалалық, Ғ.Мұратбаев, Бекарыстан би, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйлері мен Басықара, Абай, Лақалы, Өркендеу ауылдық клубтары жанындағы өнер ұжымдары байқау шарттарына сәйкес қоғамдағы өзекті проблемалар туралы скетч, интермедиялар сахналап, көрермен көңіліне жол тапты.
Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы сарапшысы аудандық мәдениет орталығы жанындағы «Қазалы қалжыңы» әзіл-сықақ отауы және Бекарыстан би, Ғ.Мұратбаев, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйлері мен Өркендеу ауылдық клубы жанындағы әзіл-сықақ отаулары өнерлерін ерекше атап өтті. Бұл өнер ұжымдары қоғамдағы келеңсіз жәйттерді сын садағына алып, көпшіліктің лайықты бағасына ие болды.