ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫ ТӨЛЕНДІ
Қызылорда қалалық прокуратурасы мониторинг жүргізу барысында «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің 372 жұмысшыға 30 млн. теңгеден астам жалақы қарыз екендігін анықтаған. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Осыған орай пркурорлардың еңбек саласындағы бақылау басқармасына енгізілген ұсынысына сәйкес, жұмыс берушіге 136 140 теңге әкімшілік айыппұл салып, жалақы қарызын толық өтеу шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, қадағалау орган ықпалымен «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК мен осы ұйым кәсіподағы арасында жасалған ұжымдық шарт заң талаптарына сәйкестендірілді. Нәтижесінде 781 жұмысшының уақытылы жалақы алуына жағдай жасалып, конституциялық құқығы қорғалды.
Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қалалық прокуратураның 24-75-86 және 8-775-391-51-39 сенім нөмерлеріне хабарласуға болатынын жеткіземіз.