САЯСИ БАЙЛАНЫСҚА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Қызылордада «Қазіргі саяси байланыс әдістері» атты семинар-тренинг өтті. Шараның арнайы қонағы Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі директоры Томас Хельм болды. Екі кезең бойынша өткен семинарға 40-қа жуық әртүрлі сала мамандары қатысты.
Сәрсенбі күні семинарға қатысушылар дағдарыс кезіндегі саяси байланыс тақырыбын талқылады. Онда дағдарыстың халыққа әсері сипатталып, басты қағидаттары нақтыланды. Түрлі жағдайда БАҚ өкілдерімен қарым-қатынастың мән-маңызы жайлы айтылды.
Ал кеше семинар «Қазіргі саяси байланыс» тақырыбында жалғасын тапты. Бұл кезеңде топтық жұмыстар жасалып, тақырыптық зерттеулер жүргізілді.
Шара соңында қатысушылар сұрақтарына жауап берілді. Томас Хельм мырза әлеуметтік-саяси мәселелер мен ақпараттық саясат бойынша Қызылорда облысы әкімдігімен бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін айтты.
Назерке ШАРАПАДДИН, «Кyzylorda-news.kz»