СОТТАЛҒАНДАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ
Байқоңыр қаласында жаза мерзімін өтегендер мен қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілгендерге көмек көрсетудің 2016-2018 жылдарға арналған мақсатты бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның қатысушылары,-Байқоңыр қаласының жергілікті атқарушы органдары мен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Байқоңыр қаласының пробация қызметі.
Қалалық мақсатты бағдарламаның шеңберінде аталған тұлғаларға жеке қабылдау жүргізіліп, олардың мәселелерін шешуге көмек беріледі. Қажет жағдайларда әлеуметтік қолдау көрсетіліп, жеке тұлғаларды жұмыспен қамтылады.
Байқоңыр қалалық пробация қызметіне есепке алынған О.С-ға осы бағдарлама аясында әлеуметтік көмек көрсетілді. Азаматпен әлеуметтік қорғау басқармасында кездесу өткізіліп, бағдарлама қатысушылары оның тұрмыс жағдайымен танысты. Сотты болғаннан кейін Байқоңыр қаласынан тіркеуден шығып қалған ол бостандыққа шыққанда баспанасыз қалады. Байқоңыр қалалық ПҚ тіркеуіне алынған соң, бағдарламаның арқасында баспаналы болып, материалдық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта жұмысқа орналасып, үйленіп, бала сүйіп түзелу жолына түсті.
Кездесу соңында ол өмірдің қиын жағдайынан шығуға көмек қолын созған барлық жандарға алғысын білдірді.