БІР КҮНДЕ 748 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың наурыз айының 15-17 күндері аралығында Наурыз мерекесі қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшірілді,-дейді ІІД баспасөз қызметі.
Аталған іс-шараға 1000-нан аса ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның бірінші күнінде барлығы 748 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 16 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 128 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 92 адамға, жылдамдықты шамадан тыс асырып басқарған 59 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, қала мен елдімекен аумақтарын көріктендіру ережесін бұзған 127, қоғамдық орындарға мас күйінде келген 54, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 55 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.
Уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 20 азамат жеткізіліп, 3 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған ТМД елдерінің 79 азаматына шара көрілді. Тәулік ішінде 12 қылмыстың беті ашылды.