ОФИЦЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Қызылорда облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Ботабаевтың қатысуымен офицерлер кеңесі өтті. Жиында қаланың өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамының қызметтік мәселесі қозғалды. Тәртіп сақтау, қызмет этикасы, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша сұрақтар көтерілді.
Кадр жұмысы бөлімінің бастығы Е. Орынбаев өз хабарламасында қызметкерлердің еңбек, қызметтік және әскери тәртіп пен ережелерді сақтауы қатаң бақыланатынын жеткізді. Отырыста тақырыпқа қатысты мәселелерге орай пікірлер айтылып, Кеңес мүшелері оларды шешудің жолдары жайында пікір алмасты.