МАМАНДЫҚТЫ ҚАПЫСЫЗ ТАҢДА
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Е.Орынбаев №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірге Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейде «Жол картасы КТИ-2016» іске асыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Ол мектеп бітірушілерге Көкшетау техникалық институтына түсу ережесін айтып өтті. Қорытынды сөзінде өрт сөндіру қызметіне жұмысқа орналасу кепілдігі барын жеткізді.
Кәсіби-үгіт жұмыстары барысында Көкшетау техникалық институтының 2015 жылғы түлегі, азаматтық қорғау аға лейтенанты К. Ақашев тыңдаушыларға институттын оқу базасының жабдықталуы жайлы айтып берді.
Кәсіби-үгіт жұмыстары барысында Көкшетау техникалық институтының 2015 жылғы түлегі, азаматтық қорғау аға лейтенанты К. Ақашев тыңдаушыларға институттын оқу базасының жабдықталуы жайлы айтып берді.