ОҚУШЫЛАР ЖОБАСЫ КЕНИЯҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Кенияда өтіп жатқан «GoldenClimate» халықаралық олимпиадасының финалдық кезеңіне шықты.
Алтынай Әбдіжәміл мен Аида Болатқызы біліммен қатар ғылымда да бақтарын сынап жүрген шәкірттер. Олар өздері таңдаған ғылыми жобалармен жете айналысып, белгілі бір нәтижелерге жетіп келеді. Олар қолға алған жобалардың бірі қазір үлкен-кішіге ортақ мәселеге айналған көз ауруларына арналып отыр. Талантты оқушылар түрлі ғылыми байламдарға сүйеніп, адам жанарын аман сақтап қалудың жолдарын қарастыруда.
Алтынай мен Аида қолға алған жобалар қатарында Арал өңірінің тұздануын төмендету секілді салмақты мәселе бар. Бұл бағытта оқушылар өздерінің ғылыми жетекшілерімен бірге бірқатар химиялық сараптама да жасады.
Ғылыми жоба жетекшісі Салтанат Ибадуллаеваның айтуынша Арал өңірінің экологиялық мәселесі ғылымдағы өзекті ізденістердің бірі саналады. Ал қолға алынып отырған жоба тұзданудың негізгі себептерін айқындап, күріш алқаптарын бүлінуден аман сақтап қалуға жол ашады.
Шәкірттер ізденісіне әлем ғалымдары қызығушылық танытып, жоба Кенияда осы жылдың мамыр айында өтетін «GoldenClimate» халықаралық олимпиадасының финалына жолдама алды
Еліміздегі мектеп оқушылары арасынан беделді олимпиадаға Алтынай Әбдіжәміл мен Аида Болатқызы ғана жолдама алып отырғанын айта кетейік.