ЕЛ ЕРТЕҢІН ЖАҢҒЫРТАТЫН РЕФОРМА
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен Достық үйінде «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының кезектен тыс отырысы өтті.
Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ және ҚХА өкілдері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысып, еліміздің жаңа Конституциясына қатысты бірлескен мәлімдемесін жасады. Сондай-ақ оның саяси және тарихи маңыздылығын атап өтті.
Кеңес отырысын ашқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ширек ғасырдың ішінде елімізді әлемдік деңгейде танытып, бірлігі бекем, экономикасы қуатты мемлекетке айналдырған Елбасының ерен еңбегін тілге тиек етті.
– Елбасымыздың Үшінші жаңғыру мен «Қазақстан-2050» даму стратегиясы аясында алдымызға қойған міндеттердің ауқымдылығы ескеріліп, жаңа кезеңде де бірлік пен тұрақтылық секілді негізгі құндылықтардың маңызы арта беретін болады. Сондықтан жаңадан қабылданған Ата Заңды бүкілхалықтық келісімнің Конституциясы деп атауға толық негіз бар,- деді Ибадулла Құттықожаев.
Кеңес отырысында коалиция мүшелігіндегі барлық партия өкілдері ойларын ортаға салып, үкіметтік емес ұйымдар пікірлері тыңдалды.