КӨҢІЛ КӨТЕРУ ҮШІН КӨШЕДЕГІЛЕРДІ АТҚАН АЗАМАТ СОТТЫ БОЛДЫ
Көңіл көтеру үшін көшедегі адамдарды атқан шымкенттік жігіт сотталды. Еш себепсіз 4 адамды жаралаған Алмас Мұсахан енді 13 жылын түрмеде өткізеді, деп хабарлайды КТК арнасы.
Оқиға былтыр тамыз айында Түркістанда болған. Достарымен серуенге шыққан 22 жастағы жігіт көлік ішінен жол бойында тұрған топқа қарай оқ жаудырыпты.
Тергеу кезінде бұл әрекетке іші пысқан соң барғанын айтқан. Еріккен сотқардың кесірінен 3 адам жеңіл жарақат алып, бытырадан ауыр жарақат алған тағы біреуі өлім аузынан қалыпты.
2015 жылы кісі тонағаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталған ол енді 13 жылға қатаң тәртіптегі колонияға жіберілді.