ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Достық үйінде облыстағы этностардың тарихи-мәдени мұрасын одан әрі дамытуды және сақтауды насихаттау бағытында мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін ашық есік күні өтті.
Онда студенттер Достық үйінің жұмысы мен облысымызда тұратын этностардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарымен танысты. Экскурсия барысында жастар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының осы жылдар аралығында жеткен жетістіктері жайлы мәлімет алды. Экскурсия жетекшілері – «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Жарасқан Жәкенов пен сарапшы Айбек Дайрабай жастарға әрбір этномәдени орталықтардың жұмыс бөлмелерін көрсете жүріп, олардың тарихына тоқтала кетті.