БАЛАЛАР БОЛАШАҒЫ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының белсенділері «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы бойынша «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, тәрбиеленуші балалардың тұрмыс жағдайымен танысты.
«Атамекен» балалар ауылы 2015 жылдың 1 маусымында – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Мұнда 80 балаға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Жалпы көлемі 2 гектарды құрайтын жерде 8 коттедж үй және әкімшілік ғимарат орналасқан.
«Бұл үй қамқорсыз қалған балалардың отбасы жылуын сезініп, ана-тәрбиешілердің мейіріміне бөленулері үшін арнайы жасалған. Сол үшін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды. Қазіргі таңда 52 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Оның ішінде 26-сы – ұл, 26-сы қыз бала. Елбасы мен облыс әкімінің тікелей қолдауының нәтижесінде мұнда балалар үшін барлық жағдай қарастырылған. Балалардың көңіл-күйлері жақсы», – дейді мекеме басшысы Лиза Скакова.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдрахманов «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобасы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейтінін атап өтіп, партия жобасы аясында 2015 жылы осы үйдің тәрбиеленушісі Наргиз Кашапованың Мәскеудің Тимирязев атындағы академиясының жер кадастрі факультетіне оқуға түскенін жеткізді. Сондай-ақ, өткен жылы Дәлі Медет Қорғанбекұлы облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Қырымбек Елеуұлының қолдауымен Мәскеу қаласындағы Мәскеу болат және құрыш қорыту институты (МИСиС) метал өңдеу факультетінің студенті атанғандығын айтты. Болашақ металлург Медетке «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің тікелей қолдауымен «Нұр Арман» жаңа партиялық жобасы арқылы қаржылай көмек көрсетіліп отырғандығын да айтып өтті.
Кездесу барысында мекеме басшылығы партия өкілдеріне балалардың дене шынықтырумен айналысулары үшін арнайы жабық түрдегі ғимарат, яғни, спорт залы қарастырылса деген ұсыныстарын алға тартты.
Кездесу соңында «Халық» бастауыш партия ұйымының мүшелері балаларға арнап дайындаған базарлықтарын тарту етті.