НЕМІС ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ
Кеше Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі директоры Томас Хельм Сыр еліне сапармен келді. Мәртебелі қонақ аялдаған алғашқы нысан Достық үйі болды. Кездесуге облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова мен этномәдени бірлестіктің жетекшілері қатысты, деп хабарлайды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы баспасөз қызметі.
Қор өкілдері алдымен Достық үйінің музейін аралап, ондағы этнос өкілдерінің бірнеше ғасырлық тарихымен, «Wiedergeburt» облыстық неміс этномәдени бірлестігінің жұмысымен танысты.
Аймақта этномәдени бірлестіктер мен азаматтық институттардың өзара қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Т.Хельм Сыр өңіріне түрлі тарихи жағдайлардың əсерімен қоныс тепкен этностар тарихына қызығушылық танытып, келісіммен керегесін кеңейткен сырбойылықтар туралы, аймақтың бұрынғысы мен бүгінгісі жайлы сауалдар қойды.
Жүздесу барысында облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова ел бірлігі жəне оны қамтамасыз етудегі Елбасы саясатының басым бағыттары жайлы айтып өтті.