ӘР ШАҒЫМДЫ ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ МЕН ІІД БАСТЫҒЫ ҚАРАЙДЫ
Облыс прокуратурасы азаматтардың арыз-шағымдарын қарауда әуре сарсаңға салуды болдырмау бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ботагөз Сейіл хабарлады.
Бастама нәтижесінде бұл бағыттағы біраз жұмыстар шешімін тапқан. Жеке қабылдауда болғандар мен арызын хат арқылы жолдаған азаматтарға мәселені шешудің мән-жайы, шағыммен айналысатын мекемелер жайлы жете түсіндірілді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда прокуратураға келіп түскен арыз-шағымдардың 37,8% пайызға азаюына септігін тигізді.
Арыз-шағымдар мен өтініштердің басым көпшілігі тергеу, анықтау жұмыстарына қатысты болғандықтан (орташа есеппен 43%) оларды осы жылдың ақпан айынан бастап облыс прокуроры тікелей ІІД басшысына жолдап отыр. Арыз-шағымға жауапқа ІІД басшысының қолы қойылады.
Облыстық ішкі істер департаментінде арыз-шағым, өтініштерді қарайтын арнайы топ құрылып, олардың мүшелері жұмыс нәтижесі жөнінде тек сала басшына есеп береді.
Осылайша тергеушілер мен анықтаушылардың процессуалдық шешімдер қабылдаудағы жауапкершілігі күшейтіліп, тергеу мен өтініштерді қарауда әуре сарсаңға салу фактілері азайды. Облыстық прокуратура мен ІІД-нің бірлескен бастамасы бұл бағыттағы біраз мәселенің шешімін табуына негіз болды.