«АҚТӨБЕ» ФК БҰРЫНҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫ ВАСИЛЬЕВТІҢ ІСІ СОТҚА ТҮСТІ
«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Махановқа қатысты іс сотқа түсті.
«Іс материалдарына сәйкес Васильев Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу», Есендірбек Маханов «Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бабы бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. 2016 жылдың 16 қарашасы күні тергеу судьясының қаулысымен Васильевке қатысты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасы берілген болатын. Ал Ескендірбек Махановқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді»,- деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.
Еске салсақ, Дмитрий Васильев қазір үйқамақта отыр. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев биылғы есеп беру кездесуінде қылмыстық іс бойынша кінәлілер жазасын алатынын, Васильевті «Ақтөбе» футбол клубына әкелмегенін айтқан болатын.