ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ
Облыста елімізде тіркелмеген «Questra Holdings Inc.» компаниясы жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.
Ғаламтор арқылы жұмыс істейтін компания өкілдері тұрғындарды инвестор портфеліне ақша салуға және тағы да адамдар тартуға шақырады. Осы арқылы қомақты қаржыға ие болатынына сендіреді. Қаржы пирамидасының қақпанына түсіп қалып жатқандар да бар. Осыған байланысты облыс прокуроры Х. Дәуешов мәселені зерттеуге тапсырма берді,-деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы аумағында қаржы пирамидасын құру мен оныңжарнамалауға заңмен тыйым салынған. Бұл тыйымды бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке соқтырады.
«Questra Holdings Inc.» компаниясына орай облыс прокуратурасының ұсынысымен облыстық ІІД ҚР ҚК 2017 және 150- баптары бойынша соталды тергеу жұмыстарын бастады.
Осыған орай облыс прокуратурасы тұрғындарды компаниямен күмәнді келісімдер жасаудан аулақ болуға, оны жарнамаламауға шақырады.