«OPEN KYZYLORDA» ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Бүгінде әлеуметтік желілерді пайдалану аясы кеңейді. Ақпарат алмасумен қатар көптеген мәселелер көтерілетін желі жалпы қоғамдық-саяси ахуалға да айтарлықтай ықпал етіп отыр.
Осыған орай әлеуметтік желілерде қаланың тыныс тіршілігіне, тұрғындардың тұрмысына қатысты көтерілетін мәселелерді тез әрі сапалы шешу мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Open Kyzylorda» жобасын іске қосты.
«OPEN KYZYLORDA» жобасына күнделікті барлық тұрғын пайдаланатын Whatsapp мессенджері қолданылады. Мессенджер арқылы жолданған әрбір хабарлама маңыздылығы мен мәселесі бойынша категорияға бөлініп, мәселені жедел шешу механизмі іске қосылады.
Бұл хабарламалардың орындалу нәтижесі жайлы сол күні немесе 3 күн ішінде «OPEN_KYZYLORDA» инстаграмм парақшасына ақпара беріледі.
Whatsapp месенджері kcell байланыс операторының 8 702 887 11 11 нөміріне жүктелген. Әрбір хабарламаға ұзақ сөздер емес, тек қана «ОК» белгісі жіберіледі. Бұл белгі сіздің хабарламаңыз назарға алынғандығын және әрі қарай тиісті сала арқылы жұмыс жасалатындығын білдіреді.

Комментарии 1