2009 ЖЫЛДАН БЕРІ АДАМ ҰРЛЫҒЫНЫҢ 900-ГЕ ЖУЫҚ ФАКТІСІ ТІРКЕЛДІ
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.
Комиссия мүшелері Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Барлық адамдарды күштеп жоқ қылып жіберуден қорғауға арналған халықаралық конвенциясына қосылуы кез келген адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі екенін атап өтті.
Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, конвенция ратификацияланған 2009 жылдан бастап адамдарды ұрлағаны үшін қылмыстық жауапқа 456 адам тартылды. Белгілі болғандай, сегіз жылдың ішінде 888 адам ұрлау фактісі тіркелген, оның ішінде соңғы 3 жылда осындай 239 оқиға орын алды.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, азаматтардың бостандықтарын заңсыз айырғаны үшін 827 адам жауапқа тартылды, осы орайда 2009 жылдан бері 1643 адамды бостандығынан заңсыз айырудың фактісі тіркелді. Сонымен қатар адам саудасы мәселесіне тоқталған министр, «осы қылмысты жасағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Конвенцияны ратификациялағаннан бері адам саудасының 202 фактісі анықталды. Қылмыстық жауапкершілікке 123 адам тартылды. Адам саудасына қарсы іс-қимыл мақсатында ҚР ІІМ тарапы өзге де құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесе тиісті кешенді шараларды іске асыруда»,- деді Қалмұханбет Қасымов.