СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес, «Б» корпусының барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізудің қағидалары бекітілген болатын. Аттестация жеке құзыреттерді бағалайтын тест өткізу және әңгімелесуден өту кезеңдерін қамтиды.
Жарлыққа сәйкес, жүкті, жүктілігіне байланысты демалыстағы, сондай-ақ үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар мен әкелер, зейнеткерлік жасқа таяғандар, атап айтқанда 56 жастан асқан әйелдер мен 61 жастан асқан ер азаматтар, «А» корпусының кадр резервінде тұрған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ мемлекеттік қызмет өтілі алты айдан аз, мемлекеттік қызметке алғаш рет тағайындалған адамдар аттестаттаудан босатылған.
Қызылорда облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы тапсырмасын орындау бойынша облысымыздағы сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілердің сынақтан өтуі ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларына жоспарланған. Бүгінгі күні сот саласындағы 140 мемлекеттік қызметші сынақтың бірінші сатысы жеке құзыреттерді бағалайтын тесттен сәтті өтті. Алда екінші кезең әңгімелесу сатысы сәуір айында өткізіледі деп күтілуде.