«ЕРКІН ПІКІР» ДИСКУССИЯЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен облыстық Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Еркін пікір» дискуссиялық клубының кезекті отырысы өтті.
Клуб отырысының бұл жолғы қонағы Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Сәрсенкүл Бихожаева болды.
Халық қалаулысы Мемлекет басшысы қол қойған ҚР жаңа Конституциясындағы жасалған өзгерістер турасында «Жас Отан» ЖҚ белсенділерімен емін - еркін пікір алысып, олардың сауалдарына жауап берді.
– Қабылданған Конституциялық өзгерістердің барлығы, ел болашағы үшін жасалған нақты қадам. Еліміз қазіргі таңда демократиялық дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Елбасымыздың биылғы «Қазақстанның жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»- атты Жолдауында айтылған жаңа міндеттер заң шығарушы және атқарушы органдарға айрықша жауапкершілік жүктейді,-деді депутат.
Клуб отырысында қатысқандар тақырып аясында еркін пікір алмасты.