ҚЫЗЫЛОРДАДА 32 ҚАРУ ИЕСІ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша 2017 жылдың 13-15 наурыз аралығында ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған азаматтық қару айналымын бақылау, сақталуын қамтамасыз ету, дабыл қондырғыларының заңнама талаптарына сай болуын бақылау мақсатында Қызылорда облысы аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында полиция қызметкерлері арнайы рейдтік жұмыстар жүргізіп, қару-жарақтардың иелері тексерілді.
Нәтижесінде іс-шараның алғашқы күнінде 32 заң бұзушылық анықталып, ішкі істер органдарында тіркелмеген 4 қару тәркіленді. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабын бұзған 17 тұрғын, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы талаптарын сақтамаған11 қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.