ЖАС ЕРТЕГІШІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жас ертегіші Алтынай Берікті қабылдап, шығармашылық табыс тіледі, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Алтынай Қызылорда қаласында тұрады. Көпбалалы отбасындағы жеті баланың екіншісі. Әкесі қарапайым жұмысшы. Анасы бала тәрбиесімен айналысады. Ол қазір №267 мектептің 5 сыныбында оқиды.
Ол 40-қа жуық ертегінің авторы. «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» сынды туындыларымен түрлі республикалық байқауларда топ жарған. Ол қиял-ғажайыпқа толы әңгімелерді 7 жасынан бастап жазыпты. Бұдан бөлек түрлі тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелері бар. Алтынайдың «Ұқпасқа айтқан сөз жеттім» атты ертегісімен ең жас автор ретінде «Менің ғажайып ертегім» деген кітапқа енген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алтынайға өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабын сыйға тартқан.
Қабылдауында болған өнерлі балғынға облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаеы шығармашылық өрлеу тілеп, өз ризашылығын білдірді. Және Алтынайдың барлық туындыларын жинақтап, ертегілер кітабын шығаруға байланысты өтінішіне сәйкес «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы атынан қаржылай көмек көрсетті.